Қаңғыбастардан мезі болған Алмалы ауданының тұрғындары әкімдікке талап қойды

21.05.2019 23:10

Бұл сауалдарға бейсенбі сағат 19:35-те Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев жауап береді

Алмалы ауданында соңғы жылдары қаңғыбастартар қаптап кеткен.  Тұрғындар әсіресе балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды. Дүйім жұрт кешкі уақытта серуендеуге шығудан да қалдық деп отыр. Себебі үйсіз-күйсіздер араққа сылқия тойып алып, кейде тіпті түнімен ұйқы бермейді екен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Балаларымызды үй маңайында ойнауға еркін жібере алмаймыз. Күн сайын қоқыс-маңы қаңғыбастардан көрінбейді. Тіпті балалар түгілі өзіміз қоқыс төгуге қорқамыз. Олар кейде ауызүйге дейін кіріп кетеді» – дейді тұрғындардың дені.

Тұрғындар әбден мезі болған бұл мәселені әкімдіктің қалайда біржақты шешіп беруін талап етіп отыр.

Бұл сауалдарға алдағы бейсенбі сағат 19:35-те Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев тікелей эфирде «Әкіммен ашық әңгіме» бағдарламасында жауап береді. Аудан тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтарды қазірден бастап «Алматы» арнасының ресми сайтында қалдырып, уатсап қосымшасы арқылы жазбаша, аудио және бейне жазба ретінде жіберсе де болады. Сонымен қатар тікелей эфир кезінде студияға қоңырау шалу арқылы да сауалдарыңызға жауап ала аласыздар.