Қатты боран салдарынан «Үшарал-Достық» күре жолы жабылды
Фото: youtube.com
ТЖД өкілдері азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Казахавтодор« ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылдың 24 қаңтары сағат 15:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, көріну шектеулі) «Үшарал - Достық« республикалық маңызы бар автожолында (0-84 шақырымдары) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге қажетті барлық заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз»,– делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
ТЖД өкілдері азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Бұған дейін Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты облыстық жолдар жабылғанын жазған болатынбыз. Алматы – Өскемен автомагистралі және Алматы облысы шекарасынан Таскескен бұрылысына дейін көлік қозғалысына тыйым салынып, «Алматы – Өскемен – Қапал-Арасан шипажайы» екі жол учаскесі жабылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41