Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков ұлттық халық санағынан онлайн режимде өтудің маңыздылығын айтап, санақтан онлайн режимде өтуге және халық арасында насихаттауға шақырады, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Елдегі пандемиялық жағдайға байланысты өзімнің және отбасымның денсаулығы үшін онлайн режимде санақтан өттім. Сіздерді де белсенділік танытып, санақтан өтуге шақырамын", - деді Айдар Әбілдабеков.
Еске сала кетейік, елімізде 1 қыркүйектен бастап Жалпұлттық санақ жүріп жатыр. Қазақстанның әрбір азаматы www.sanaq.gov.kz сайтына кіріп, онлайн өте алады.