Су 1 метр 32 сантиметрге көтерілген
ҚР Ішкі істер министрлігі көктемгі су тасқынына қызу дайындалып жатыр деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, дәл қазір солтүстіктегі 9 елдімекенді су алу қаупі бар екен.
«Биыл 25 сәуірдегі жағдай бойынша біз Солтүстік Қазақстан облысы Есіл өзеніне жіті назар аударып отырмыз. Қазір Сергеев су қоймасына екінші толқыны келгенін тіркедік. Су 1 метр 32 сантиметрге көтерілген. Петропавл қаласындағы жағдай күнделікті бақылауға алынды. «Челябі-Новосібір» республикалық маңызы бар автомобиль жолын да қадағалап отырмыз. Ондағы көлік қозғалысына шектеу қойылды», – дейді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий ИЛЬИН.
Сондай-ақ вице-министр Павлодар облысы арқылы өтетін Ертіс өзенінің ахуалына тоқталды. Айтуынша, бүгінде 9 елдімекен төтеншеліктердің басты назарында көрінеді.