Көкшетауда әкесі 5 жасар баласын байлап, аштан-аш қалдырған. Әкенің қатігез әрекеті салдарынан ұлы қатты әлсіреп ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық ПД мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақпарларынша, 37 жастағы ер адамның туысы шағымданған. Әкесінің баланы жиі байлап қоятынын, оған дұрыс қарағанын жүдеп кеткенін жеткізген. Тәртіп сақшылары үйіне барып тексеру жүргізген кезде шағым расталыпты. Ал ата-анасы медициналық көмекке жүгінбегені мәлім болды. Қазір балаға сараптама тағайындалды. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
«Кенже бала 2017 жылы туған. Жүдеу күйде. Бала жиі байлаулы болған. Бұл факт тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілді. Баланың денсаулығын тексеру жұмысы тағайындалды», – деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің қызметкері Марал Умекина.