Олар жемқорлыққа қарсы тетіктерді жетілдіруді талқылады
Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік халықаралық ұйымдардың сарапшыларымен бірігіп, ғылыми-практикалық конференция өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар жемқорлыққа қарсы тетіктерді жетілдіруді талқылады. Сондай-ақ агенттіктің жыл бойы атқарылған жұмысын қорытындылады. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жиын жыл сайын желтоқсанда өткізіледі.
«Осы жылдар ішінде ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыс атқарылды деп айтуға болады. Бірқатар жетістігіміз бар. Бірақ біз қолжеткізген деңгеймен шектелмейміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру тұрғысынан жүйелі әрі кешенді жұмыс жалғастырып келе жатыр», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов.