Сағадат Нұрмағамбетов атындағы спорт мектебінде өткен іс-шараға қалалық Мәдениет басқармасы мұрындық болды
Алматыда «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Жаңа жыл мерекесі қарсаңында сыйлықтар табыс етілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы спорт мектебінде өткен іс-шараға қалалық Мәдениет басқармасы мұрындық болды. «Жанұя» арнайы мамандандырылған мекемесінің балалары мен ұжымы ерекше көңіл күйге бөленді.
«Жаңа жылдың қарсаңында балаларға бақытты, қуанышты сәт сыйлау үшін осындай іс-шара өткізіп жатқан жайымыз бар», – деді Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлиев.