ШҚО-да 400-ден астам адамды кене шақты

Almaty.tv
Almaty.tv
Медицина мамандарының айтуынша, зардап шеккендердің 35 пайызы – балалар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстанда кене маусымы биыл әдеттегіден ерте басталды. Қансорғыш жәндіктер сәуір келе сала балаққа жабысып, 400-ден астам адамды шағып үлгерген. Бұл – ресми тіркелген дерек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі көрсеткіш былтырғыдан 2 есе жоғары. Медицина мамандарының айтуынша, зардап шеккендердің 35 пайызы – балалар. Бүгінде кене шағу дерегі Алтай мен Қатон-Қарағайда, Риддер мен Өскемен, Зайсанда да көбейген. Өңірде зиянкестерді улау, екпе салу сынды іс-шаралар қолға алынды. Себебі қандаладай қаптаған бұл жәндік 30 түрлі ауру таситын көрінеді.

– Кенеден зардап шеккендердің  97 пайызы препаратпен қамтылды. Қалған 3 пайызы белгілі себептермен медициналық көмекке кеш жүгінгендіктен серопрофилактикамен қамтылмады, – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Гүлмира Қайратова.

Оқи отырыңыз: Қауіпті аурудың аяққа қарап білуге болатын белгісі

Новости партнеров