1 сәуірден бастап Кеңес беру және оңалту орталығы жаңа кеңседе жұмыс істеуді бастады
Алматыда мың жарымға жуық адам деструктивті идеологиядан дер кезінде бас тартты. Дін мәселесі бойынша оңалту орталығына жүгінгендердің дені 18 бен 35 жас аралығындағы жастар деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Осы жылдың 1 сәуірінен бастап Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Кеңес беру және оңалту орталығы жаңа кеңседе жұмыс істеуді бастады. Негізгі міндеті – деструктивті, экстремистік діни ұйымдар мен ағымдардың ықпалына түскендерді радикалды көзқарастан арылту.
«Бұл орталық 2016 жылы құрылған. Жүктелген басты міндет – дін мәселесінде сұрақтары бар азаматтарға жауап беру. Теріс діни ағым бағытына түсіп кеткен азаматтар осында келіп кеңес алып, діни көзқарастарын түзетуге мүмкіндік алады», - дейді Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар ЕСЕНБЕКОВ.
Оңалту оталығында өткен жылдың өзінде теріс ағымның жетегінде кеткен 1400 адамға жекелей түсіндіру сипатындағы көмек көрсетілген. Айдар Есенбековтың айтуынша, олардың көбісін туыстары немесе достары алып келеді екен.
«Бұл орталықтың жұмысына 16 маманды тартып отырмыз. Оның ішінде 10-ы теолог, психолог мамандар, заңгер бар. Содан кейін әйел адамдармен жұмыс істейтін 3 әйел теологымыз бар», - дейді А.Есенбеков.
Орталықтың байланыс телефоны тәулік бойы жұмыс істейді. Нөмірлер экранда көрсетілген.
87011207570 - ерлер үшін
87011200503 - әйелдер үшін