Алматыда парамен ұсталған судья жұмысынан уақытша шеттетілді

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Пара алып жатқан жерінде ұсталған №2 Әуезов аудандық сотының судьясы Андрей Штейнке уақытша жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Almaty.tv.

Бұған дейін прокуратура органдарында жұмыс істеген ол соңғы үш жылда судья болып қызмет атқарған. Андрей Штейнкенің 6 баласы бар екен, оның төртеуін асырап алған. Айта кетсек, судья 2 ақпан күні 10 мың доллар пара алып жатқан жерінде ұсталған болатын.

«Бүгіннен бастап Ұлттық бюро мен Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі Әуезов аудандық №2 сотының судьясы Андрей Штейнкеге қатысты сот алды тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі таңда судья жұмысынан босатылды. Андрей Штейнке Президенттің жарлығымен 2015 жылдан бастап судья лауазымына тағайындалған», – деді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Дияс МАХАМБЕТОВ.

Новости партнеров