Маман жабдықтарды жаңартуға көбірек күш салынатынын да жеткізді
Қала тұрғындары коммуналдық тарифтерді өзгертуге өтініш бере алады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Бөденеева айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл шаруа халықтың тұрғылықты жеріне қарай белгіленеді. Сумен жабдықтау 4 түрлі деңгейлі тарифпен қарастырылса, жылу бір абонентке шаққандағы тұрғын үй көлеміне қарай жүзеге асырылатын болады. Маман жабдықтарды жаңартуға көбірек күш салынатынын да жеткізді.
– Жаңа саралау қызметі халықтың тұтынушы тобына қарай бөлінеді. Көпшілік тарифтерді өзгертуге тұрақты өтінім берген жағдайда дифференциациялау жұмыстары жүргізіледі. Бәрі бақылауға алынады. Өтініш болған жағдайда, жеңілдік береміз, – деді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Әсел Бөденеева.
Оқи отырыңыз: Алматыда қоғамдық көлікте жаңа тарифтік ұсыным әзірленуде