Алматылық кәсіпкерлер су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Атамекен» палатасының бастамасымен қолға алынған игі істің арқасында қажетті дүниелер небәрі 2 күннің ішінде жиналған. 50-ден астам кәсіпкер мен қаланың белсенді азаматтары Атырау облысына 210 миллион теңгеге жуық азық-түлік, гигиеналық құралдар, киім-кешек жіберген. Жылу жинау әлі де жалғаса бермек.
–Кәсіпорындар дәрі-дәрмектерін, киімдерін өткізіп жатыр. Сонымен қатар «Күшіміз бірлікте» қоғамдық қорына кәсіпкерлер қаражат аударды. Қазір 16 млн теңгеден астам қаражат жиналды, – деді қалалық «Атамекен» ӨКП аппарат басшысы Әділет Керімбеков.
Оқи отырыңыз: Сабыр сақтау керек: Димаш Құдайберген Құлсары тұрғындарына қолдау білдірді