Алматылық кәсіпкерлер су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жөнелтті

11.04.2024 23:49

«Күшіміз бірлікте» қоғамдық қорында 16 млн теңгеден астам қаражат жиналды

Almaty.tv

Алматылық кәсіпкерлер су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Атамекен» палатасының бастамасымен қолға алынған игі істің арқасында қажетті дүниелер небәрі 2 күннің ішінде жиналған. 50-ден астам кәсіпкер мен қаланың белсенді азаматтары Атырау облысына 210 миллион теңгеге жуық азық-түлік, гигиеналық құралдар, киім-кешек жіберген. Жылу жинау әлі де жалғаса бермек.

–Кәсіпорындар дәрі-дәрмектерін, киімдерін өткізіп жатыр. Сонымен қатар «Күшіміз бірлікте» қоғамдық қорына кәсіпкерлер қаражат аударды. Қазір 16 млн  теңгеден астам қаражат жиналды, – деді  қалалық «Атамекен» ӨКП аппарат басшысы Әділет Керімбеков.

Оқи отырыңыз: Сабыр сақтау керек: Димаш Құдайберген Құлсары тұрғындарына қолдау білдірді