Алматы кәсіпкерлері мүліктік залалдың орнын толтыру үшін қандай құжат ұсынуы керек. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол кәсіпкер ұсынған құжаттар пакеті бес күнтізбелік күн ішінде қаралатынын атап өтті.
Алдымен зардап шеккен бизнес өкілдері өтінішті электронды нысанға жіберуі тиіс «InfoKazakhstan.kz». Бұл ретте мұны сенімхат негізінде әрекет ететін адамдарға жасауға мүмкіндік бар.
І. Өсеровтың айтуынша, өтініш беруші келесі құжаттар пакетін ұсынуы қажет:
- ЖК үшін – ЖК жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, ЖК талоны.
- заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- мүлікке меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықты растайтын құжаттар, сәйкестендіру құжаттары;
- жылжымайтын мүлік үшін
– бүлінген мүлікті қалпына келтіруге арналған шығыстар сметасы;
- бүлінген немесе жойылған жылжымалы мүлік және (немесе) тауарлық-материалдық құндылықтар үшін – бағалау туралы есеп;
- жоғалған (ұрланған) тауар-материалдық құндылықтар мен жабдықтар үшін – мемлекеттік кіріс органдарынан, фискалдық деректер операторларынан өткен жылғы айналым сомалары туралы мәліметтерді сұратуға және алуға келісім;
- өзге де құжаттар (фото және бейнематериалдар).
Алматы әкімінің орынбасары кәсіпкер ұсынған құжаттар пакетін өңірлік комиссия және/немесе Қор комиссиясы бес күнтізбелік күн ішінде қарайтынын атап өтті.