Келер жылдан бастап, кәсіпкерлікті жүргізуге тыйым салынған 9 саланы жандандыруға мүмкіндік туады
Келер жылдан бастап, кәсіпкерлікті жүргізуге тыйым салынған 9 саланы жандандыруға мүмкіндік туады. Биылғы жылы 1 мың 334 түлек «Бизнес бастау» бағдарламасы аясында өз кәсібін бастаған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифингте алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларымен бөлісіп, бизнесті қолдау аясында қорытынды жасады. Жалпы, жыл басынан бері Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлікті қорғау бойынша 207 өтініш келіп түсіп, оның 172-сі оң шешімін тапқан.
Сонымен қатар, пандемиядан кейінгі Президенттің жолдауын ескере отырып әзірленген – салық кодексін жетілдіру, ақша-несие саясатын ынталандыру, экономиканы мемлекет иелігінен алу, агроөнеркәсіптік кешенін дамыту, кадрларды даярлау сынды сегіз бағыттың
басымдықтарын ортаға салды.
«Келесі жылдың басынан басап, 9 салада кәсіпкерлікті жүргізуге тыйым салынған. Сол 9 саланы біз ашуға бар күшімізді саламыз. Сондықтан осы Заңнаманы сақтауға бар күшімізді салайық та, келесі жылдан бастап жабылған бизнес түлерін де іске қосамыз деген ойдамыз», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.