Қазақстанда 55 жастан асқан әйелдердің 24 пайызының табысы жоқ - министрлік

13.08.2022 23:10

55-тен 60 жасқа дейінгі әйелдер саны - 634,5 мың

aikyn.kz

Еліміздегі 55 жастан асқан әйелдердің 24 пайызының табысы жоқ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарында айтылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ашық НҚА порталына сілтеме жасап.

«Елімізде 55 жастан асқан табысы жоқ әйелдер көп. Мәселен, елдегі 55-тен 60 жасқа дейінгі әйелдер саны 634,5 мың, олардың 24 пайызының табысы жоқ. Бұл ретте олардың ең көп саны 3 өңірге (Алматы және Түркістан облыстары, Алматы қаласы) тиесілі. Айта кету керек, бұл көрсеткіш әйелдердің осы санаты арасында кедейлікті көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар олардың болашақ зейнетақысының мөлшеріне әсер ететін жағымсыз салдары бар», - деп көрсетілген министрік ұсынған жоспарда.