МТҚ DDoS шабуылдары бірнеше шетелдік нүктеден жүзеге асырылғанын анықтады
Қазір мынандай жаңалықтар сайттарында қолжетімділік жағынан проблемалар байқалады: toppress.kz, newtimes.kz, sn.kz.
Мемлекеттік техникалық қызмет байланыс операторларымен бірлесіп маршруттарды оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр, бұл кейбір сайттарда сырттан кірушілер қарқынының төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін.
МТҚ DDoS шабуылдары бірнеше шетелдік нүктеден жүзеге асырылғанын анықтады. Шабуылдар басқа аймақтарда да тіркелген. Мамандар бұл шабуылдардың өзара байланысы бар-жоғын анықтап жатыр.