«Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Яалматинец» қоғамдық бірлестігінің тең жетекшісі Саида Таукелева Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінің тікелей эфирінде Қостанай облысындағы қайырымдылық миссиясы туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін, 5 қыркүйек Халықаралық қайырымдылық күні, ол өрт кезінде зардап шеккен отбасыларға көмектесу үшін келді.
Айта кетсек, БҰҰ Бас Ассамблеясының 2013 жылғы 7 наурыздағы қарарымен белгіленген халықаралық қайырымдылық күні жыл сайын 5 қыркүйекте атап өтіледі.
Бұл күні белгілі волонтер Саида Тәукелева адамдарға көмектесуге деген құлшынысының қайдан пайда болғаны туралы, сондай-ақ жүргізіліп жатқан қайырымдылық жұмыстары, соның ішінде бүгін келген Қостанайдағы қайырымдылық жұмыстары туралы айтып берді.
«Кеше гуманитарлық көмек жинауды бастадық, кеше елордадан 40 тонна гуманитарлық жүк тиеліп, Қостанайға жөнелтілді. Біз түсіру және одан әрі тарату үшін барамыз. Мұнда бізде бірнеше волонтерлік ұйымдар бар», - деді спикер.
Бүгін «Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесі мүшелерінің отырысы өтіп, онда Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету және өтемақы мөлшері туралы мәселелер талқыланады.
Саида Таукелева «Яалматинец» қозғалысының еріктілері 2015 жылдан бері төтенше жағдайлар орын алған жерлерге баратынын айтты.
«Арыста болдық, үйінділерден тазарттық. Гуманитарлық көмек жинауды кеше Алматыда бастадық. «Магнум» компаниясымен бірге Нұр-Сұлтанның қоймаларынан провизиямен жүк көлігін жинап, Қостанай облысына жіберу туралы шешім қабылданды», - деп жалғастырды еріктілер көшбасшысы.
Айта кетерлігі, «Яалматинец» қозғалысы бірнеше ұйымнан тұрады, олардың құрамына жоғалған адамдарды іздейтін «Leader.kz» волонтерлік іздеу жүйелері, психологиялық көмек көрсететін еріктілер және тағы басқалар кіреді. «Асарды» талап ететін осындай жағдайлар орын алса, мегаполистің барлық тұрғындары бірігеді. Сонымен қатар, әрқашан материалдық компоненттің қажеттілігі болмайды, барлық қолдан келерлік көмек қажет.
«Бізде еріктілердің спорттық лигасы бар, оған физикалық күш қажет жерде көмектесетін атақты спортшылар кіреді. Әйелдер өз мүмкіндіктеріне қарай тамақтану пункттерін ұйымдастыруға, дәрі-дәрмектерді таратуға көмек көрсетеді. Біз шақыратын іс-шараларға байланысты әрқашан «көмек қолдары» қажет. Бұл ағаш отырғызу, онкологиялық ауруханада акция немесе азық-түлік жиынтығын тасымалдау болуы мүмкін. Пандемия кезінде біз Алматы мен Алматы облысының 12 мың отбасына көмектестік», - деді С.Таукелева.
Барлық тілек білдірушілер «Яалматинец» қозғалысының бір бөлігі бола алады, ол үшін әлеуметтік желілердегі аттас парақшадағы ақпаратты бақылау жеткілікті, онда қажетті волонтерлік көмек туралы жарияланып отырады.
Журналистердің сұрақтарына жауап берген Саида Тәукелева адамдардың алаяқтарға ұрынып қалмай, қайырымдылықпен айналысуға деген құштарлығын қалай тәрбиелеуге болатынын айтты.
«Біздің басты жұмыс принципіміз – ақша жинамай-ақ көмектесу. Біз ашықтықты жақтаймыз. Кейбір төлемдер болған кезде және күмәндансаңыз, құжаттарды және соңғы бенефициар-алушыны сұрау керек. Кімге көмек керек, қанша, қайда емделеді, бүгінге дейін қанша жиналды деген барлық ақпаратты орналастыратын қорлардан мұқтаж жандар туралы ақпарат алу өте маңызды», - деп кеңес береді волонтер.