«Қазақтелеком» қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға дейін артады

total.kz
total.kz
Бұған дейін Алматыдағы компания мамандары айлық ақыны көтеруді талап еткен болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақтелеком» қызметкерлерінің жалақысы артады. Бұл туралы компания басшысы Қуанышбек Есекеев хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, мамандардың еңбекақы көлемі грейд жүйесіне байланысты. Енді аталған механизм бойынша алдымен лауазымдық жалақының төмен деңгейі көтерілмек. Бұл қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 20 пайыздан 50 пайызға дейін артады деген сөз.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы компания мамандары айлық ақыны көтеруді талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартқан еді.  

«Сіздерге белгілі болғандай, «Қазақтелеком» мен ақпарат және байланыс кәсіподағы жаңа шартқа қол қойды. Біз ұжымдық шарттың жаңа нұсқасында ең алдымен жалпы жұмыскерлік кәсіптегі ең төменгі грейд бойынша және инженер-техникалық құрамның жалақы мөлшерін көтеру міндеттерін өзімізге аламыз», - деді «Қазақтелеком» АҚ Персонал, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Берік Битабаров.

Новости партнеров