Темірлан Ахмеджанов 14 тамызда үйден белгісіз бағытта шығып кеткен
Өскемен қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен бала табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Іздестіру шаралары барысында 12 жастағы бала ТМК көпірінің маңындағы шұңқырдан табылды. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Содан кейін ол ата-анасына беріледі», - деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетсек, аутизмге шалдыққан Темірлан Ахмеджанов 14 тамызда түнгі сағат 02:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, құтқарушылар, кинологтар, ҚР Ұлттық ұланы сарбаздары мен волонтерлер жұмылдырылған болатын.
Баланы қалай құтқарғанын мына сілтемеден көре аласыздар.
Дерккөз: ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.