Алматылық студентерге қаржы пирамидасынан сақтану тәсілін үйретті

24.11.2022 23:16

Жиынға қаржы саласының мамандары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты

ашық дереккөз

Алматыда жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған жиын өтті. ЖОО-ның бірінде ұйымдастырылған кездесуге қаржы саласының мамандары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Сала қызметкерлерінің айтуынша, мұндай кездесулерді өткізу жиілейді. Себебі осындай басқосулардың арқасында қаржылық пирамидалардың құрығына түсетіндер саны едәуір азайған. Іс-шараға 200-ден астам студент қатысты.

«Қазір онлайн алаяқтардың, қаржы пирамидасының жастар арбауына түсіп, болып жатыр. Бірінші курстың студенттеріне сақ жүруге қатысты ақпарат айтылды», – деді «Іскер ісі» әлеуметтік жобасының жетекшісі Бибінұр Шерәлиева.

«Біз қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бойынша оқыту іс-шараларын ұдайы өткіземіз. Себебі бұл тақырып тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өзекті болып тұр. Әсіресе, жастардың алаяқтардың арбауына түсіп қалмауы үшін дәрістердің маңызы зор деп айта аламын», – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз хатшысы Дмитрий Акмаев.