Алматыда карантин кезінде қандай ойындарды ойнауға тыйым салынған

28.04.2020 23:17

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, рұқсат тек бір мезгіл таза ауа жұтып, сергіп қайту үшін ғана бар

kazfootball.kz

Алматының бас санитары топтасып футбол, баскетбол сынды ойын ойнауға тыйым салынғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, рұқсат тек бір мезгіл таза ауа жұтып, сергіп қайту үшін ғана бар. Ол онлайн брифингте балаларды аулада ойнату тәртібінің жаңа ережесін түсіндірді. Бастысы бір-біріңізден 2 метр алшақ жүрген дұрыс. Сондай-ақ, ойын алаңына шыққандарға міндетті түрде бетперде кию қажет. Ал 14 жасқа дейінгі балалар далаға ересектермен бірге шығуы керек. Тәртіп сақшылары жиі рейд жүргізіп тұрмақ. Егер қойылған талаптар орындалмаса, айыппұл салынатын болады.

«Алматы қаласының тұрғындарына таңғы сағат 6.00-дeн кешкі 21.00-ге дейін балалар және демалыс алаңдарына шығуға болады. Бұл кезде арнайы біздің талаптарымыз бар. Санитарлық ережелеріміз бар. Ең басты жеке гигиенаны сақтау, үйге кіргеннен кейін қолды сабындап мұқият жуу керек. Және де далаға шыққан кезде міндетті түрде қалтада антисептик болуы керек», – деді қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек БЕКШИН.