Тұрғын үй аумағына жеке компания 9 қабатты үй құрылысын жүргізген
"Венецияға" айналдық". Осылай деп Атыраудағы ықшамаудан тұрғындары шағым айтты. Олардың айтуынша, кәріз құбыры жарылып, үйдің ауласын сасық су басқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тұрғын үйдің құбырлары әбден ескіріп, шіріп біткен. Соның салдарынан далаға төгілген кәріз суы тұтас көшені басып қалған. Тұрғындар "сыртқа шығудың өзі мұңға айналды" дейді. Бұқара мәселені айтып талай рет жауаптылардан көмек сұрапты, алайда шененуніктер мәселені шешуге асықпаған.
– Бұл бірінші рет емес. Жолдың жиегімен жүреміз. Балалар демалыста. Ал ертең мектеп басталады. Сонда не болмақ? Ешкімге керексіз болып қалдық, – деді қала тұрғыны Салтанат Ихуанова.
Тұрғындардың айтуынша, бұл жағдай жылда қайталанады. Оған себеп тұрғын үй аумағына жеке компания 9 қабатты үй құрылысын жүргізген. Сол кезден бастап кәріз насостық стансалары мен жылу жүйелеріне артық жүктеме түсіп, коммуникациялық желелердің істен шығуы жиілеген. Тұрғындар ПИК қызметкерлерін кінәлайды. Себебі, мәселені білсе де. құлақ аспаған.
– Заңда көрсетілген 32 бапта айтылған кондоминимум обьектісін тұрғын күтіп ұстау керек деп жазулы тұр. ПИК бұл мәселеге жауап бере алмайды, біз балансқа алдық, – деді ТҮКШ және Тұрғын үй инспекциясы бөлім басшысының орынбасары Қайрат Хабиев.
Тұрғындар көтерген мәселеге Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және Тұрғын үй инспекциясы жауапты екенін айтты. Ал халық өз кезегінде жауаптылардың ескірген құбырларды тезірек жаңартып беруін сұрайды.
Динара Ерболқызы, Фархад Тәжібаев, "Алматы" телеарнасы, Атыраудан
Оқи отырыңыз: Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісіне кеңсе пышағымен шабуылдады