Кітап тегін тартылады
Ұлы Абайдың шығармалары араб тіліне аударылды. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қазақтың ұлы ақынының туындыларын әлемнің он тіліне аудару мақсатында жасалған жұмыстың нәтижесі Мысыр елінде таныстырылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Каир университетінің ұстазы, қандасымыз, аудармашы Рәбиға Төлебай араб тіліндегі Абайдың 145 өлеңі мен 3 поэмасының нұсқасын Атырау жұртшылығына толығырақ таныстыру үшін арнайы ат басын бұрды. Айтуынша, Мысыр мемлекетінің ұстаздары да, ғалымдары да Абайдың шығармашылығына қызығушылық танытып, философтың ұшқыр ойына таңданыс туғызуда.
«Біздің мақсатымыз – қазақ халқының ой санасын, өмір салтын арабтарға түсіндіру. Бірақ бұл кітап арабша жазылғандықтан сатылмайды. Кітап тегін тартылады», – деді аудармашы Рәбиға Төлебай.