Осы кезге дейін әкесін достарынан жасырып келген ақтөбелік қыз өзінің өмірі жайлы айтты
Осы кезге дейін әкесін достарынан жасырып келген ақтөбелік қыз өзінің өмірі жайлы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Диапазон сайтына сілтеме жасап.
Әкесі өте бай-қуатты кісі болған. Бірақ оның заңды некедегі әйелі мен екі баласы болған. 15 жасар қыздың айтуынша, анасы үйленген еркекті ұнатып, жасырын кездесіп жүрген. Алайда ер адам әйелімен ажырасатын ойы болмаған сыңайлы.
«Біраз уақыттан кейін дүниеге мен келдім. Бірақ ол әлі күнге дейін әйелін тастаған жоқ. Қазір біз Ақтөбеде тұрамыз. Оның жары қайда жұмыс істейтіні, балаларының қайда оқитыны жайлы бәрін білемін. Ал олар біз жайлы білмейді», – деді бойжеткен.
Қыз анасымен бірге жақсы өмір сүретінін мойындайды. Әкесі қасында бірге болмағанымен, қаржылай көмектесіп, сыйлық сыйлап тұрады екен. Алайда ол өзінің әкесі жайлы ешкімге ештеңе айта алмайтынына ренжулі.
«Шындықты талай айтқым келді. Бірақ олар мені айыптайды, маған жағымсыз сөздер айтады деп ойлайтынмын. Өйткені мен тоқалдың қызымын. Біз бірге кинотеатрға да бара алмаймыз. Бәрінен әкемді жасыруға тура келеді. Тіпті, менің атам мен әжем әкемнің кім екенін білмейді. Мен мұндай өмірден шаршадым!» – дейді қыз.
Оның айтуынша, анасымен осы тақырыптағы әңгіме тек жанжалға ұласады.
Қазіргі жағдай туралы психология магистрі Анна Гниденко былай дейді: Бала үшін ата-ана әрқашан да үлгі тұтатын жандар, олар жайлы бүкіл әлемге айтқысы келеді. Қазіргі жағдайда жасөспірімге анасының қамқорлығы мен әкесінің назары өте қажет.
Хатты оқысаңыз, қиын жағдайдан шығудың жолы жоқ сияқты көрінеді. Бірақ олай емес. Ақтөбелік жас қыз жеткіншек жаста. Демек оған ренжудің қажеті жоқ, керісінше ол өз ойын ашық білдіруі қажет.
Маманның айтуынша, әкесі мен қызы ашық әңгімелесуі қажет. Қаншалықты әңгіме жағымсыз болса да, екі жақта бір-бірін түсінуге тырысатын болады. Өмірдің негатив жағын ғана қабылдамай, керісінше позитив жағын да қарастыру керек.