Президент әкімдердің өрт сөндіру жұмыстары туралы есебін тыңдады

08.09.2022 23:17

Қасым-Жомарт Тоқаев ТЖМ өңірлік бөлімшелерін арнаулы техникамен және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды

Фото: дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік бөлімшелерін арнаулы техникамен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Премьер-министрге осындай пәрмен берген мемлекет басшысы Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдерінің өрт сөндіру туралы есебін тыңдады. Әкімдер өрт ошақтарын сөндіру үшін қарқынды жүргізіліп жатқан жұмыстар мен табиғи апатқа қарсы алдағы жоспарларын баяндады.