|
28.03.2022 | 18:17
8615

iPhone Қазақстаннан соғылған нөмірлерді анықтай алады – Бағдат Мусин

Енді «+77» және «+76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі

iPhone Қазақстаннан соғылған нөмірлерді анықтай алады – Бағдат Мусин Almaty.tv

Қазақстанда iPhone қолданушылары қоңырау қабылдар кезде телефон экранынан енді «Қазақстан» деген жазуды көретін болады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан бір мәселені реттедік. Енді «+77» және «+76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі», - деп атап өтті Бағдат Мусин.

Министр Apple компаниясының қазақстандық тараптың өтінішін барынша жылдам қарастырып, ықылас танытқанын атап өтті. 

«Сөйтіп iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құралдардағы аталған проблема шешілді», - деп жазды Б. Мусин Facebook-парақшасында.

Айта кетсек, осы уақытқа дейін қазақстандық қолданушылардың экранында кіріс қоңыраулары орналасқан тұста Ресей немесе басқа елдердің атауы көрсетіліп келді.

Еске сала кетейік, Қазақстан 2021 жылдың қыркүйегінде Халықаралық электр байланысы одағында +997 деген жаңа телефон кодын тіркеп қойған болатын. Сондай-ақ Қазақстан 2023 жылдың қаңтарынан бастап жаңа ұлттық кодқа көшетіні хабарланды. Жаңа және ескі кодтарды екі жыл бойы қатар қолдана беруге болады. Ал жаңа кодқа 2025 жылдан бастап толық көшіріледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир