«Ақ жол» партиясының сайлауалды штаб жетекшісі Алматы облысындағы еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Үкімет ірі кәсіпорындарды күшейту шараларын қолға алу қажет. Бизнес өкілдеріне тиімді жағдай жасалғанда ғана, өнім көлемі артады», – деді зауыттардың біріне барған «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.
Үгіт насихат тобы жұмысшыларды партияның атынан сайлауға түскен Дәния Еспаеваның бағдарламасымен таныстырды. Талдықорғандағы «Қайнар» аккумлятор зауыты өнімінің 60 пайызын жиырмадан астам мемлекетке экспорттайды. Ал қалғаны өз еліміздің нарығын толтыруда. Өнім көлемін арттыру да көзделіп отыр.
«Бұл мекеменің көрсеткіштері өте жақсы. Соңғы жылдары олар өз өнімдерін 11 есеге арттырған. Мемлекет тарапынан қолдауға да ие. Үкіметтен 2,5 млрд теңге көмек алды. Бүгінге дейін төленген салық 3,5 млрд теңгеден асқан. 850 ден астам жүмыс орны ашылған. Бұл кішігірім қала тұрғындарына үлкен мүмкіндік. Сондықтан оны дамуды жалғастыруға болады», – деді «Ақ жол» партиясы сайлауалды штабының жетекшісі Азат ПЕРУШЕВ.
Үгіт насихат тобы Талдықорғандағы «Нұр-Авиценум» жеке меншік медициналық орталығында да болды. Бүгінде жүрек-қан тамыр ауруларынан басқа бүйрек жеткіліксіздігі мен қант диабетіне шалдыққан сырқаттарды емдеумен айналысатын орталық мемлекеттік жеке-меншік әріптестікті дамытуда өз үлесін қосуда.