Елімізде орташа зейнетақы мөлшері қандай

24.06.2023 23:19

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 299 мың адам

Zakon.kz/Максим Золотухин

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 374,1 млрд теңге қаржы зейнетақы төлеуге бөлінді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 421,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 952,2 млрд теңге, деп хабарлайды Almaty.tv тілішісі informburo.kz-ке сілтеме жасап.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 299 мың адам.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 743 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 881 теңге, базалық зейнетақы – 37 862 теңге.


Теги: Зейнетақы