Заңгер Ғабит Өмірбектің айтуынша, сотталушыға жала жабылып отыр
Астанада алаяқтық жасады деп күдікке ілінген кәсіпкердің ісі сотта қаралып жатыр. Алексей Курганскийдің үстінен танысы арыз жазған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Арызда сотталушы «оған құқықтық көмек көрсетем» деген. Екеуара келісімшарт жасалған. Бірақ шағым түсіруші «айыпталушы қомақты соманы қолды қылды» деп отыр. Куәгер сотта куәлік етті. Ал заңгер Ғабит Өмірбектің айтуынша, сотталушыға жала жабылып отыр.
– Сот барысында қылмыстық іске қатысты көп құжат жоғалып кеткен. Тукачев Алексей есімді азамат тергеушіге жауап берген. Соның жауабы жоқ, – деді заңгер Ғабит Өмірбек.
Оқи отырыңыз: Ит бағып отырған көршісіне ауылдастары шағым айтты