Алматының тау бөктерінде 52 заңсыз нысан анықталды

Tengrinews.kz / Әлихан Сариев
Tengrinews.kz / Әлихан Сариев
Оларға бастапқы құжаттарды бұзу және жою туралы сот ісі қозғалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының таулы аймағында 52 нысанның заңсыз салынғаны белгілі болды. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір 8 ғимаратқа қатысты сот шешімі шығып, олар сүрілетін болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары қатысқан жиында қала ішіндегі тығыз салынған құрылысқа қатысты сұрақтар да қозғалды. Бұл жұмыстар қала әкімдігінің ұсынысымен жасалды.

– Алматының таулы аймағындағы құрылыс нысандарын тексеру Мемлекет басшысының тапсырмасы болатын. Осы мақсатта сәуірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, тексеру жұмысын жүргіздік. Таулы аймақта жүргізілетін құрылыстың құжаты талаптарға сай болуы аса маңызды, – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.

Заңсыз салынған тұрғын үйлердің басым бөлігінде құжаттары дұрыс болмай шыққан. Құрылыс негізгі талаптарға сай жүргізілмеген. Мәселен, тауға жақын маңда 3 қабаттан асатын тұрғын үй салуға тыйым салынған. Ал құрылыс компаниялары бұл ережені ескермеген көрінеді.

– Осы жылы мамырында Үкіметпен Алматы қаласының жаңа Бас жоспары енгізілді. Ол жақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша 229 гектар жер рекреациялық аймақтарға ауыстырылды, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Мұрат Сейітжаппар.

Новости партнеров