Көрнекі ақпараттар алдымен қазақша жазылуы тиіс – Мәжіліс жаңа заңды мақұлдады

ult.kz
ult.kz
Сайлаушылар жиі көтеретін тақырыптардың бірі – осы көрнекі ақпараттағы қазақ тіліндегі жазылатын мәтіннің сауатсыздығы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжіліс мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv.


Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарап шықты. Заң жобасы 2021 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданды.

«Заң жобасының мақсаты – сыртқы жарнамалар мен әртүрлі маңдайшалардағы, басқа да реквизистер мен көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде дұрыс жазылуы және мәтіндердің түпнұсқалы аудармасы бойынша қосымша талаптарды белгілеу. Сайлаушылар жиі көтеретін тақырыптардың бірі – осы көрнекі ақпараттағы қазақ тіліндегі жазылатын мәтіннің сауатсыздығы, кейбір жағдайда тіпті қазақ тілінде мәтіннің болмауы. Осыған байланысты нақты талаптар енгізілді», – деді Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы.


Новости партнеров