Ұзақ уақыт бойы, тоқсаннан тоқсанға, жылдан жылға осылай жалғаса береді
Шағын және орта бизнесті тексеру қайта енгізіледі. Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаевтің сөзінше, электронды шот-фактура жүйесі нақты жеке кәсіпкерлікке қанша тауар жөнелтілгенін қадағалауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty.tv
Егер, онда ай сайын, күн сайын үлкен сомаға тауар жөнелтілсе, онда мұны электронды шот-фактурадан көре алады. Ал, ешқандай кірісін көрсетпесе, онда аталған жеке кәсіпкерліктің салық заңнамасын бұзуы мүмкін екендігін көрсетеді.
«Мынадай бір мысал келтіре кетейін. Халық тұтынатын тауарларды, айталық киім-кешек сатып алатындай көрінетін, бірақ азық-түлік сататын компаниялар бар. Ұзақ уақыт бойы, тоқсаннан тоқсанға, жылдан жылға осылай жалғаса береді. Бұл дебеттік сальда алу сызбасы байқалады. Бірақ, біз барып, көре алмаймыз. Олар халық тұтынатын қандай тауар қалғанын айтады. Яғни, алдағы уақытта анық бұзушылық байқалатын болса, онда оны өз бетінше жоюға мүмкіндік береміз. Содан кейін ғана тексеруге бастамашылық жасаймыз», – деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев.