Саяси партия өкілдері «Барыс-4» көтерме-бөлшек базарының саудагерлерімен кездесті

20.01.2023 23:21

Сатушылардың мәселелерін тыңдады

Almaty.tv

Бүгін саяси партия өкілдері Алматыдағы «Барыс-4» көтерме-бөлшек базарының саудагерлерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.


Қоғам белсенділері сауда орнының жағдайын көріп, жоспарымен танысты. Сатушылардың мәселелерін тыңдады. Кездесу барысында сауда орнын жалға алу ақысы, онлайн аударымдарға салынатын салық мөлшерінің көптігі, мүгедек бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы жағдайы деген сияқты сұрақтар көтерілді.

«Бізге жеткізушілер еттің бағасын түсіру керек. Сатуымыз қиын болып жатыр. 100 мың жалға алған сауда орнына төлейміз. Сауда жоқ. Еттің түрі бұзылып кеткен. Ертеңге сата алмаймыз. Енді шешеміз, сөйлесеміз деп жатыр», – деді  саудагер Айым Тәлібаева

«Партияның қанша мүшесі Мәжіліске, мәслихатқа кіретіні сайлау өткеннен кейін белгілі болады.  Осы сұрақтарды сол кезде көтеріп, Мемлекет басшысына немесе Парламентте айтуға мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын», – деді саяси партия өкілі Бейбіт Құсайынов.