Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары ұсталды – ІІМ

04.09.2024 23:09

Ақпаратты Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі растады

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары ұсталды. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы орынбасарының құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды. Қазіргі уақытта құзыретті органдар ІІМ-мен бірлесіп, тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ ведомство ақпаратында сыбайлас жемқорлыққа қатысты төзбеушілік принципі туралы айтылған. 

«Қолданыстағы заңнама шеңберінде объективті және жан-жақты тергеу жүргізіледі», - дейді министрліктен.

Еске салсақ, өткен жылы Ішкі істер министрлігіне Ұлттық ұланның қызметін реттейтін бірқатар құзырет берілген еді. 

Оқи отырыңыз: Астанада такси жүргізуші кәсіпкерді алдап кеткен