Институт құрылғалы әскери өмірге қанат қағып отырған бұл − 15бітірушілер
Қазақстан Қарулы Күштері 140-тан астам лейтенантпен толықты. Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары оқуын тәмамдап, диплом алды. Айта кету керек, институт құрылғалы әскери өмірге қанат қағып отырған бұл − 15-бітірушілер. Салтанатты шарада курсанттар гвардиялық дефиле өнерін көрсетіп, дәстүр бойынша тиыннан шашу шашты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бүгінгі шара біз үшін үлкен мерейтой десек те болады. Себебі биыл бітіріп жатқан түлектеріміз Тәуелсіздіктің 30-жылдығы мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Сонымен бірге, институттың құрылғанына да 20 жыл. Жас офицерлерге Тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолындағы қызметте табыс тілеймін», − деп тілек білдірді Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының басшысы Асқар Мұстабеков.
Айта кету керек, институт − радиотехникалық мамандарды даярлайтын Орталық Азиядағы жалғыз әскери жоғары оқу орны. Мұнда тек қазақстандықтар ғана емес ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бағдарламасы бойынша алыс-жақын шет елдерден курсанттар келіп оқиды.
«Офицерлік сапқа тұрып, ҚР Қарулы күштерінің имиджін көтеруге әр сәтімізді құрбан ететін боламыз. Бала кезімнен әкем төрт батыр жырын жаттатып өскендіктен батырлар мен үшін үлгі», − деді лейтенант Жанғали Сейілбек.