|
23.10.2021 | 18:22
501

Дәрігер адам ағзасына қауіпті тағамдарды атады

Маман ұннан жасалған тағамдарды көп жеу қант диабетіне әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті

Дәрігер адам ағзасына қауіпті тағамдарды атады osken-onir.kz

Қайта өңделген ет өнімдерін, кондитерлік,  ұн және нан-тоқаш өнімдерін, тәтті алкогольсіз сусындар, майлы сүт өнімдерін жиі жеу адам денсаулығына қауіп төндіреді. Бұл туралы терапевт, гастроэнтеролог Дмитрий Карпенко айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Егер бұл тағамдарды нормамен жесе, олар «шартты түрде зиянды» саналады, деді маман.

«Дұрыс тамақтануды насихаттауға қарамастан, қазіргі таңда статистика сол қалпы: адамдар қант, ас тұзы қосылған майлы тағамдарды шамадан тыс көп жейді, ал дәрумендер мен минералдарға бай өнімдерді аз тұтынады», – деді Карпенко.

Дәрігер зиянды тағамдарды көп жеу қант диабеті, жүрек-қан тамырлары (инфаркт, инсульт), асқазан-ішек жолдары ауруларына әкеп соғатынын ескертті.

Маман тәтті әрі майлы тағамдарды тұтыну жиілігі мен мөлшерін бақылауға кеңес берді. Мәселен, етті аптасына екі реттен көп жемеу керек, ал тұздың нормасы — тәулігіне бес грамм (йодталған).

Жалпы Карпенконың айтуынша, рационда құнарлы майлар жалпы калорияның он процентінен, ал қант бес-он проценттен аспауға тиіс.

Дереккөзі: sputnik.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

тағам

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир