Алматының Әуезов ауданында «Бақытты отбасы» орталығы ашылды

Алматының Әуезов ауданында «Бақытты отбасы» орталығы ашылды
Мұнда әйелдерге бизнес жоспар құрып, 500 мың теңге көлемінде грант алуына мүмкіндік бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа нысан көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған аналарды жан-жақты қолдауға арналған. Мұнда әйелдердің үйде отырып-ақ жеке кәсіп ашуына болатын мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстар оқытылады. Оған қоса, бизнес жоспар құрып, 500 мың теңге көлемінде грант алуына мүмкіндік бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Аналарға көмек ретінде заңгерлік кеңес, бухгалтерлік кеңес береміз және де бизнес жоспарын бірге отырып талқылап, жүзеге асыруға барынша көмек көрсетеміз. Қазір Жұмыспен қамту орталығында үш айлық қысқамерзімді курстар өтіп жатыр. Оның ішінде 65 мамандық бойынша. Оқып жатыр бізде 2-3 ана, жақын арада бітіріп келеді», – деді Алматы қаласы Әуезов аудандық «бақытты отбасы» әлеуметтік орталығының өкілі Ақнұр ЖҰМАБАЕВА.

Әр ауданда «Бақытты отбасы» орталықтарын ашуды  Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тапсырған болатын.

Айта кетейік, Әуезов ауданында мың жарымға жуық көпбалалы ана бар. Оларды жаңадан ашылған аудандық орталыққа тіркеу басталып кетті.

«Мен осы Алматыда іскер аналарға арналған орталық ашылғанын естіп келіп, көзіммен көріп керемет жақсылықтар мен жаңалықтарды көріп қуанып келдім. Қазір барлығын қарап шықтым. Іскер аналарға арналған орталықта барлығы бар. Нені, қай саланы үйренем десе де барлық салаға мүмкіндіктер жасалынған. Көпбалалы аналарға осының өзі керемет жәрдем», – деді зейнеткер Лиза СҮЙГЕНОВА.

Новости партнеров