2022 жылдың 4 тоқсанына ең төменгі күнкөріс деңгейі - 49 577 теңге
Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2013.05.21 жылғы №504 қаулысына және "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және айқындау қағидаларын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2015.07.23 жылғы №347 шешіміне сәйкес Алматы қаласында мұқтаж азаматтардың белгілі бір критерийлерге сәйкес келетін санаттарына жарты жылда бір рет 7 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек және 20 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жоғарыда көрсетілген көмек түрлерін ұсыну үшін азаматтар мынадай критерийге сәйкес келуі тиіс:
1) жарты жылда бір рет 7 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек: отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 еселенген мөлшерінен аспайды
2) біржолғы 20 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек: отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінен аспайтын өмірлік қиын жағдай туындаған кезде.
Көрсетілген көмек түрлерін тағайындауға арналған құжаттарды қарау кезінде учаскелік комиссия өтініш берушінің материалдық жағдайының нәтижелерін (екінші тұрғын үй, екінші жеке көлік және т.б. бар ма) назарға алады.
2022 жылдың 4 тоқсанына ең төменгі күнкөріс деңгейі - 49 577 теңге.