«Ұлы дала қырандары» көкшетаулықтардан қолдау тапты

«Ұлы дала қырандары» көкшетаулықтардан қолдау тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жемқорлықты жою, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ауылдарды дамыту – «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан саяси додаға түскен кандидат Сәдібек Түгелдің сайлауалды бағдарламасында осы мәселелерге басымдық берілген. Үміткердің бастамасын көкшетаулықтардың көбісі құптап отыр. Әсіресе,  қазына қаржысын жымқырғандарға қатысты жазаны күшейту оң шешім дейді  кездесуге қатысқан қала тұрғындары, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Үміткер жемқорлыққа қарсы күрес жүргізудің кешенді бағдарламасын қабылдауды ұсынып отыр. Тіпті, парақорларды өлім жазасына кесу туралы да бастама көтерген. Меніңше, бұл – дұрыс шешім», – дейді кәсіпкер Геннадий БАБАХИН.

Тіл мәртебесін көтеруге әр азамат үлес қосып, қоғамдық орындарда қолдану аясын кеңейтуге атсалысуы шарт. Жұрт болып жұмылғанда ғана бұл мәселе шешімін табады. Сол себепті Сәдібек Түгел түбегейлі қазақ тіліне көшуді ұсынып отыр.

«Сәдібек Түгел бағдарламасының ішінде маған ең ұнағаны – қазақ тілін білмейтін азамат мемлекеттік қызметтерде отыруға лайық емес деген тұсы. Ол ауылды білу керек, елді білу керек, қазақ тілін білу керек», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің сенімді өкілі Құмарғали ДОСОВ.

Новости партнеров