Алматы облысында үшем дүниеге келді

09.02.2024 23:25

Сәбилер мерзімінен бұрын жоспарлы кесір тілігі арқылы өмірге келді

Almaty.tv

Алматы облысының тұрғыны дүниеге үшем әкелді. 33 жасында  8 баланың анасы атанған көпбалалы келіншек Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында босанған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сәбилер мерзімінен бұрын жоспарлы кесір тілігі арқылы өмірге келді. Ата-аналар қыздарына Дильназ, Гүлназ деген есім таңдаса, атұстарына Темірлан деп ат қойған. Үшемнің қазір денсаулығы жақсы.

– Сәбилер аз салмақпен дүниеге келді. Алғашқы күндері олардың жағдайы ауыр, жасанды тыныс алу аппаратында болды. Акушер-гинеколог мен медбикелердің бақылауымен үш аптаның ішінде жаңа туған нәрестелердің әрқайсысы 300-ден 700 грамға дейін салмақ қосты. Жағдайы жақсы, – деді Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы Алматы облысы бойынша гинекология және акушерлік бағыт үйлестірушісі Ұлтай Кілтбаева.

Оұи отырыңыз: Қазақстанда маска тағу режимі қайта оралды