Жалпы сайысқа 158 жоба ұсынылып, 50-і ақтық мәреге өткен
Алматыда биыл Тұңғыш Президент қоры өткізетін дәстүрлі әлеуметтік идеялар және жобалар жәрмеңкесі онлайн форматта өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Байқауға еліміздің бас қалалары мен 14 облыстан үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Жалпы сайысқа 158 жоба ұсынылып, 50-і ақтық мәреге өтті. Ал үш номинация бойынша 10 шақты жеңімпаз анықталады. Үздік жобалардың ауқымына қарай 3 миллион теңгеге дейін қаржылық қолдау көрсетілмек. Осылайша, елге пайдасы тиетін азаматтық бастамалар жүзеге асуы мүмкін.
«Конкурс үш номинация бойынша өткізілді. Ол – оқу, білім беру процессінің арасында спортта және балалардың шығармашылық процессінің арасында инклюзивтікті енгізу. Екіншіден, біздің Қазақстанымызда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, ал үшінші номинация бойынша конкурсқа экологиялық проблемаларды шешу туралы жобалар келді», – деді ҚР Тұңғыш президенті қорының жобалар бойынша үйлестірушісі Гүлнар ЕРШІМАНОВА.