Онда келушілер ұлттық дала асханасының өзге де тағамдарынан дәм тата алады
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі Алматыдағы «Сұңқар» шаңғы кешенінде тойланбақ деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Таза ауада алматылықтарды әртістер де қуантады.
Одан бөлек, қаланың тағы 6 аймағында халық серуендері өтеді. Онда келушілер ұлттық дала асханасының өзге де тағамдарынан дәм тата алады.
21-25 наурыз аралығында ұйымдастырушылар ұлттық ойындар, концерт пен тарихи көрмелердің болатынын айтады. Сонымен қатар, мотоциклистер де өнерлерін паш етпек
«Қаладағы барлық этноөкілдер, сондай-ақ, ЖОО өкілдері қалада орналасқан театрлар мен концерттік ұйымдарда мерекенің жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, Панфилов пен Жібек жолы көшелерінде 4 күн бойы той думан ұйымдастырамыз», - дейді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының бөлім басшысы Айнұр БАЖЕНОВА.