Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі жабық режимде өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының мүшелеріне елдегі сыбайлас жемқорлық мәселесін шешуге бағытталған бастамаларды көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Осы бір аса күрделі мәселе бойынша пайдалы бастамалар көтеріп, мен жариялаған сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күрестің басында Nur Otan тұруы керек. Жасыратыны жоқ, жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлық қаңтардағы қайғылы оқиғаларға түрткі болды», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы азаматтары жемқорлық сипатты әдет-дағдыны мүлдем қабылдамайтын қоғам қалыптастыру маңызды.
«Ол үшін осы партия да бөлінбес бір бөлігі саналатын азаматтық қоғамды жұмылдырмай, мүмкін болмайды. Сондықтан партия сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жаңа мазмұнмен толтыруы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетсек, Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі жабық режимде өткенін, онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланғанын хабарлаған болатынбыз.