Аудиторлар Алматы қаласының бюджетіне 900 млн теңге қайтарды

31.05.2019 01:22

Тексерілген 64 мекеменің басым бөлігі – мектептер

skyview.kz

Мамандар 64 мекемені тексерген. Оның басым бөлігі – мектептер. Барлық заң бұзушылықтардың 85 пайызы қаржылық есептілікке қатысты болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тексерістер нәтижесінде, ревизиялық комиссия бухгалтерлік есеп бойынша 60 млн теңгені бюджетке қайтарған.

«Өкінішке орай, бухгалтерлік есеп тұрғысынан қаржылық тәртіп бүгінде ақсап тұр. Себебі, қаржы қызметкерлерінің біліктілігі әлсіз. Соған байланысты біз мектептердің барлық бухгалтерияларын орталықтандыру бойынша ұсыныстар бердік. Бұл жұмыс сапасын жақсартуға әсер етеді. Мұндай тәжірибе қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан қаласында бар», – деді Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы МЕЙІРЗАТ ҚАЛИЕВ