«Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі Алматыға келді

07.07.2022 23:27

Іс-шараның мақсаты – ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулық

Almaty.tv

«Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі Алматыға келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айдың басында  Нұр-сұлтаннан бастау алған марш Қарағанды жалғасты. Бүгін Алматыға табан тіреп, дөңгелек үстел өткізді. Осылайша 3 мемлекеттің 16 қаласын аралауға ниетті жандар бұл шерудің мәні мен маңызын айтып берді. Іс-шараның басты мақсаты – ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулық.

«Ислам шариғатында «Құлси» деген хадис бар. Онда «Ей адамдардың ұрпағы бейбітшілікте, келісімде өмір сүріңдер» делінген.  «Ислам» деген сөздің мағынасы – амандық болу, жұртқа амандық тілеу, сәлемдік, саламаттық дегенді білдіреді. Яғни осы бейбітшілік маршы арқылы бейбітшіліктің маңыздылығын түсінсе екен деген ойдамыз», – деді «Заря востока» мешітінің бас имамы Қазыбек Ахметов.