Қоғамдық тәртіпті сақтауға 125 полиция қызметкері тартылған
Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы қаладағы қылмыстық ахуалдың тұрақты және қылмыстың төмендеу үрдісі байқалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Қылмыс 57,4% төмендеді. Айта кету керек, біреудің мүлкін ұрлау 44,4% азайды. Көшеде және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар саны 55,5% -ға азайды. Сонымен қатар, Жедел штабтың бұйрығына сәйкес полиция қызметкерлері үстіміздегі жылдың 19 наурызынан бастап карантиндік аймақтар-инфекция ошақтары қоршалды», – деді Алматы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов.
Бүгінгі таңда қалада инфекция ошақтары бар, қоғамдық тәртіпті сақтауға 125 полиция қызметкері тартылған.
Әрбір мекенжайда полиция қызметкерлерімен бірге, аудан әкімдіктерінің қызметкерлері мен санитарлық-эпидемиологтар жұмыс істейді.
«Инфекция ошақтары мен бекеттерде қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді», - деп атап өтті Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.