Халық қатысатын бюджет: Бостандық ауданында қандай жобалар іске асты

24.11.2022 23:53

Аймақта апатты деп танылған 900 ағашты отау басталды

Almaty.tv

Бостандық ауданындағы апатты деп танылған 900 ағашты отау басталды. Биыл 83 көшеге жарық орнатылды. Ал келер жылға қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, балалар мен спорт алаңдарын жөндеу бойынша 165 өтінім түскен.

«Қазіргі кезде Бостандық ауданында 177 шақырым арық жүйесі бар. Мердігер мекемелердің күшімен осы 177 шақырым арық жүйесі күнделікті тазалануда. Жаңбырлы күндері жаңағы су басатын 5 аймақ бар. Ол 5 аймақты тез арада қолға алу үшін төтенше жағдайлар желісі бойынша жөндеу жұмысы басталды. Жароков пен Сәтпаев, Сәтпаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жылдың соңына дейін аяқталады. Одан бөлек 55,2 шақырым арық жүйесі салынуды жоспарлап отырмыз. Бостандық ауданы 85 пайыз жарықтандырылған. Қазіргі кезде ауданда 214 кіші көше қалды. Биылғы жылы 83 көшеге жарықтандыру жұмысы басталады. Жұмыстар жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. 751 тірек орнатылып, оның ішінде 22,5 жарықтандыру жүйесі орнатылады», – деді Бостандық ауданы көріктендіру бөлімінің басшысы Арман Мизамбеков.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша 20 жобамыз іске асты.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша 766 миллион теңгенің көлемінде 20 жобамыз іске асты. Қазіргі кезде барлық жоба аяқталды. Бұл жобаның ішіндегі балалар алаңы, спорт алаңы және де саябақтарға жөндеу жұмысы жүргізілді. Оның ішінде жаңағы Тимирязев пен Байзақов көшелерінің қиылысында түнгі автотұрақ бұзылып, орнына саябақ салынды. Қазіргі кезде барлық жобалар аяқталды. Келесі жылға 165 өтінім қабылданып, комиссияның шешімі 17 жоба іріктеліп алынды. 2023жылы іске асырамыз. Жасыл-желектерді суару желілері салынады. Балалар ойнайтын алаңқайлар, спорт алаңдары және де саябақтарға жөндеу жұмысы іске асады», – деді Бостандық ауданы көріктендіру бөлімінің басшысы Арман Мизамбеков.