Жиынға қатысушылар еліміздің бейбіт болашағына өлшеусіз үлес қосқаны үшін қоғамдық-саяси ұйым өкілдеріне алғысын білдірді
Бүгін – Семей ядролық полигонының жабылғанына тура 33 жыл. Алматыда «Невада – Семей» қозғалысының ардагерлері жастармен кездесу өткізіп, сол күндерді еске алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиынға қатысушылар еліміздің бейбіт болашағына өлшеусіз үлес қосқаны үшін қоғамдық-саяси ұйым өкілдеріне алғысын білдірді.
Ядролық қаруға қарсы қозғалыстың арқасында полигондағы соңғы жарылыс 1989 жылы жасалды. Екі жылдан кейін ондағы сынақтар толығымен тоқтатылған еді. Іс-шара естелік сыйлықтарын табыстаумен аяқталды.
«Кәдімгі бейбіт шеру болды. Студенттер бәріміз шықтық. Абай облысына бардық», – деді «Невада-Семей» қозғалысының қатысушысы Мархаба Ғалиева.
Оқи отырыңыз: Қарағанды қаласында жөнделуі тиіс көшелердің жұмысы аяқталмай қалды