Олардың дені Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәртебеге лайықты деп есептейді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан боп өзгертілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Еске салайық, қала атауын өзгерту туралы ұсынысты Қ.Тоқаев 20 наурызда Парламенттің біріккен отырысында депутаттар алдында айтқан болатын. Артынша мәжілісмендер мен сенаторлар бұл ұсынысты қолдап, бүгін президенттің өзі бекітті.
Ал, Алматының кей тұрғындары болса қала атауының өзгеруіне қолдау білдіруде. Олардың дені Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәртебеге лайықты деп есептейді екен.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Официальная страница (@almaty.tv) 23 Мар 2019 в 12:08 PDT